Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атырау облысы Білім беру басқармасының

Индер ауданы білім бөлімінің
«Райхан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

МЕНЮ

Қазан айының 19-21 күндері аралығында «Райхан» бөбекжай-бақшасында меңгеруші Э.Куанышева «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-процесін  ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру мақсатында 2022 жылы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2022 жыл 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 1 –қосымша Үлгілік оқу жоспары, 2022 жыл 14 қазандағы 422 бұйрығымен бекітілген  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2022-2023 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.  Қатысқан педагог саны – 20.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары, Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы № 1 педагогикалық кеңесте бекітіліп, қазіргі таңда бөбекжай-бақша өз жұмысын жалғастыруда.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бөбекжай-бақша меңгерушісі Э.Куанышева  Zoom платформасында  жалпы топ ата-аналар жиналысын өткізді. Балаларды Ерте дамыту Институты ұсынған ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар, МДҰ-ғы топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы жайлы бейнеролигі көрсетілді. Қатысқан ата – ана саны - 25. Аталған тапсырма бойынша қыркүйек айының 14-23 күндері аралығында жылдық жоспар бойынша топтық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып меңгеруші 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-процесін  ұйымдастырудағы өзгерістер туралы ата-аналарға таныстырып, биылғы оқу жылында бөбекжай-бақшамызда барлық педагогтарға ашылған электронды портфолио wix.com сайты туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда ата-аналар педагогтардың QR коды арқылы тәрбиешілер туралы толық  мәлімет ала отырып, күнделікті балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өз жеке смартфондарымен қарауға толықтай мүмкіндік алып отыр. Осы орайда, мектепке дейінгі ұйым ата-аналарға білім беру процесінің қатысушылары болуға мүмкіндік бере отырып, баланың толық дамуына жағдай жасау үшін консультациялық көмек ала алды. 

© 2025 «Атырау облысы Білім беру басқармасының

Индер ауданы білім бөлімінің «Райхан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК