Қазан айының 19-21 күндері аралығында «Райхан» бөбекжай-бақшасында меңгеруші Э.Куанышева «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру мақсатында 2022 жылы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2022 жыл 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 1 –қосымша Үлгілік оқу жоспары, 2022 жыл 14 қазандағы 422 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2022-2023 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. Қатысқан педагог саны – 20.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары, Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы № 1 педагогикалық кеңесте бекітіліп, қазіргі таңда бөбекжай-бақша өз жұмысын жалғастыруда.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бөбекжай-бақша меңгерушісі Э.Куанышева Zoom платформасында жалпы топ ата-аналар жиналысын өткізді. Балаларды Ерте дамыту Институты ұсынған ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар, МДҰ-ғы топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы жайлы бейнеролигі көрсетілді. Қатысқан ата – ана саны - 25. Аталған тапсырма бойынша қыркүйек айының 14-23 күндері аралығында жылдық жоспар бойынша топтық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып меңгеруші 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-процесін ұйымдастырудағы өзгерістер туралы ата-аналарға таныстырып, биылғы оқу жылында бөбекжай-бақшамызда барлық педагогтарға ашылған электронды портфолио wix.com сайты туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда ата-аналар педагогтардың QR коды арқылы тәрбиешілер туралы толық мәлімет ала отырып, күнделікті балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өз жеке смартфондарымен қарауға толықтай мүмкіндік алып отыр. Осы орайда, мектепке дейінгі ұйым ата-аналарға білім беру процесінің қатысушылары болуға мүмкіндік бере отырып, баланың толық дамуына жағдай жасау үшін консультациялық көмек ала алды.



